• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Тамыз, 2021

Ақтөбеде көлік жүргізушісі өзінің бір жасар баласын қағып кетті

532 рет
көрсетілді

Ақтөбе қаласындағы бау-бақша ұжымдарының бірінде жазатайым оқиға орын алды. Әкесі баласын көлігімен қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«48 жастағы ақтөбелік өз үйінің ауласында тұрған «Opel Astra» автокөлігін айдап, 2020 жылы туған баланы қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала бас-ми жарақатын алып, шұғыл түрде облыстық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті жолда, әсіресе аулада қырағы болуды сұрайды. Сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларды көлік жүретін жолда ойнатпаңыз», деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.