• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Тамыз, 2021

Шымкентте халықпен кері байланыс жүйелі жолға қойылған

445 рет
көрсетілді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бастаған басшылық өкілдері жергілікті тұрғындармен онлайн кездесулер өткізіп, әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде байланысып отырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қала әкімі ай сайын тұрғындарды жеке мәселелері бойынша онлайн қабылдаса, апта сайын түрлі тақырыпта өзінің парақшасында тікелей эфирге шығып тұрады. Жыл басынан бері 11 рет тікелей эфирге шыққан болса, әкім және оның орынбасарлары 70 рет онлайн кездесу өткізіп, 555 тұрғынды қабылдаған.

Одан бөлек соңғы 2 айда аудан әкімдері мен басқарма басшылары 25 рет тікелей эфирге шығып, тұрғындар сауалына жауап берген. Атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беріліп, жоспарлар талқыланып отырады.

Өткен аптада мегаполис басшысы тұрғын үйді басқарудың жаңа түріне көшудің артықшылықтарын түсіндірді. Жаңа заңға сәйкес көп қабатты тұрғын үйлер жай серіктестік немесе мүлік иелерінің бірлестігін құрып жатыр.

Ақпараттық танымдық жиекті арттыру мақсатында бүгін Абай ауданының әкімі Б.Парманов @akimat_shymkent әкімдіктің инстаграмдағы ресми парақшасында аталған тақырыпты кеңінен тарқатты. Оның ішінде МИБ немесе ЖС құру үшін не істеу керек, кімге бару керек, қандай тиімділігі бар екені атап өтілді. Эфир барысында тұрғындар тарапынан қойылған 70-ке тарта сұраққа жауап берілді.

Соңғы жаңалықтар