• RUB:
    4.99
  • USD:
    489.36
  • EUR:
    533.45
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Тамыз, 2021

Алматыда ірі есірткі зертханасы табылды

198 рет
көрсетілді

Алматы қаласында ірі есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылып, ұйымдастырушысы жазаланды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2020 жылдың тамыз айында Наурызбай ауданының аумағында орналасқан бау-бақша қоғамдастығының бірінде есірткі зертханасы анықталған.

«Есірткі зертханасы ретінде жабдықталған үйдің ішінде синтетикалық препаратты шығаруға арналған түрлі қолбалар мен арнайы қондырғылар табылды. Сондай-ақ «мефедрон» психотропты заттары мен аса ауқымды а – PVP тәркіленді», деп түсіндірді Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Әділ Салаев.

Алматыдағы көлік-логистикалық компаниялардың біріне синтетикалық есірткі өндірісі үшін қолданылатын заттар мен зертханалық қондырғылардан тұратын жүктің жеткізілуі полицияның назарын аудартты. «Жүктің» тапсырыс берушісі 45 жастағы К. есімді ер адам болып шықты. Ер адам қамауға алынып, сот оны ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (Аса ірі көлемде психотроптық затты сату мақсатында заңсыз дайындау және сақтау) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айырды.