Беларусьтің қазіргі Президенті Александр Лукашенко жақында Мемлекет басшысы қызметінен кететінін мәлімдеді. Бұл туралы ол бүгін, 9 тамызда журналистермен, қоғам өкілдерімен, сарапшылар мен медиа қауымдастықпен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz БелТА сайтына сілтеме жасап.
Беларусь басшысы өзінің ықтимал мұрагерінің атын атаудан бас тартып, шешімді ел азаматтары қабылдайтынын айтты.
«Беларусь халқы кімді сайлайды, сол Президент болады. Бұл шынымен де солай», деді ол.