• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Тамыз, 2021

Жол апаты жиілеп барады

365 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері елде 7 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерінің тең жартысы бейнебақылау камерасы арқылы анықталған.

Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов мәлімдеді.

Оның айтуынша, көрсеткіш былтырғыдан 60 пайызға көп. Салдарынан 1100-ден аса адам көз жұмды. Бір мың азамат өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды. Қоғамдық көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер арасында заң бұзу деректері де көбейді.

Мәселен, биыл 150 мың адам жолды белгіленбеген жерде өткені үшін жауапқа тартылды.

Сондай-ақ 50 мың автобустың техникалық ақаулардың бар болуына қарамастан жолаушыларды тасымалдағаны анықталды.