Әлемдегі бақытты елдер рейтингінде Қазақстан 149 ел ішінде 45-орынға ие болды. Ел бір жыл ішінде позициясын бес жолға жақсартты, былтыр 50-орында еді, деп жазады Egemen.kz Ranking.kz мәліметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар, ТМД елдерінің ішінде Өзбекстан тұрғындары қазақстандықтарға қарағанда бақытты болып шықты.
Ал Молдова, Қырғызстан, Беларусь, Ресей, Тәжікстан, Армения, Әзірбайжан, Түркіменстан мен Украина Қазақстаннан кейін тұр.
Әлемдегі ең бақытты елдер Финляндия, Дания және Швейцария деп аталды. Тізім соңында Ауғанстан жазылған.
Рейтинг әр елдің жан басына шаққандағы Жалпы ішкі өніміне, мемлекет тарапынан болатын әлеуметтік көмекке, денсаулық сақтау деңгейіне, сайлау еркіндігіне және қайырылымдық ісіне, сондай-ақ, жемқорлық деңгейіне байланысты құрылған.