• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Тамыз, 2021

Францияда вакцина паспортының қолданылу аясы кеңейді

237 рет
көрсетілді

Францияда республика тұрғындарын белгілі бір жерлерде вакцина паспортын көрсетуге міндеттейтін ережелер күшіне енді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Енді Франция тұрғындары кафеге, мейрамханаға кіру үшін және алыс сапарға шығар алдында вакцина паспортын немесе ПТР тест, антиденеге тексерілу анықтамасын ұсынуы тиіс.

Француз билігі бұл ереже вакцинацияны тездетуге және коронавирустың «төртінші толқынының» алдын алуға көмектеседі деп үміттенеді.

Денсаулық сақтау министрі Оливье Веран француз баспасөзіне берген сұхбатында: «Жасыл паспорт бізге жаңа коменданттық сағаттар мен логдаунның алдын алуға көмектесуі керек», деді.

О.Веран осыған байланысты ережелердегі кішігірім өзгерістерді мәлімдеді, атап айтқанда, ПТР тесті бұрын жоспарланғандай 48 емес, 72 сағатқа жарамды.

Елде бұрын вакцина паспорты мәдени орындарға, театр және музейге барған кезде ғана сұралатын.

5 тамыздағы жағдай бойынша француз халқының 49,7 пайызы COVID-19 вакцинасының екі дозасын алды. Алайда Корсика мен Жерорта теңізі жағалауында инфекция жиілігі артып келеді. Себебі қазір бұл аймақта демалушылар көп. 

Францияның Үнді мұхиты мен Кариб теңізінде жақын аумақтарында  вакцинация баяу жүріп жатыр. Сол себепті аталған өңірде  жаңа шектеулер енгізілген.

Жақында жүргізілген әлеуметтік сауалнамалар француздардың басым көпшілігі вакцина паспортын қолдайтынын көрсетті.

Соңғы күндері президент Э.Макрон жастар арасында танымал TikTok әлеуметтік желісінде ел азаматтарын вакцина алуға шақырды.

«Бұл үлгілі азамат болу мәселесі. Егер біз достарымызға, көршілерімізге немесе ата-әжелерімізге жұқтырсақ, еркіндігіміздің құны жоқ. Еркін болу - жауапты болу деген сөз», деді Франция президенті.