Үндістанның Раджастан штатында 28 жастағы Ракеш Кумар Нагар Bluetooth құлаққабының жарылуынан қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға орын алған кезде құрылғы зарядтауда тұрған смартфонға қосылған болатын. Аудио тыңдау немесе сөйлесу кезінде құлаққап пайдаланушының құлағында жарылған.
Жарылыстың себебі құлаққаптың сапасыз құрастырылуынан болуы мүмкін. Сондай-ақ, кернеудің жоғарылауы да жарылысқа себеп болуы мүмкін екендігі айтылды.
Жарылыс пайдаланушының құлағына зақым келтірген. Жігіт есін жоғалтып, ауруханаға жеткізілген.