• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Тамыз, 2021

Қазақстанда жем-шөп бағасы неге қымбаттады?

743 рет
көрсетілді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мал азығының қымбаттауына сарапшылар себеп болды деп санайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Баршаңыз көріп отырсыздар, қазіргі кезде кей «сарапшылар» өзінің имиджіне бола ақпараттық соғыс жүргізіп жатыр. Тұрақты объективті ақпарат болмаған жағдайда жұртшылық жаңылып, фермерлер зардап шегеді. Өзі арзан емес жем-шөп осындай қара пиар-акция себебінен одан сайын қымбаттап жатыр. Мысалы, «3 миллион мал өледі екен» деген сыбыс шыққалы бері шөп те, кебек те қайта қымбаттады», деді Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев.

Оның айтуынша, бұл мәселеде аймақ басшылары жұртшылық пен БАҚ-қа мүмкіндігінше ашық болуы керек. Сондай-ақ жем-шөпті сатып алу жұмыстары туралы уақытылы хабардар етуі тиіс.

Қарашөкеев бұқаралық ақпарат құралдары мен жұртшылықты жергілікті жедел штаб отырыстарына да шақыруды ұсынды. Осылайша ел арасында жүрген мал өлімі, жұт және ашаршылық туралы негізсіз ақпаратты сауатты түрде жоққа шығаруға болады.

Ол барлық бұйрықтың орындалуын жеке бақылауға алатынын айтты.