• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2014

Электронды білім қырлары

635 рет
көрсетілді

«Тұран-Астана» университетінің ғалымдары Астана қалалық білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырған «Ғаламдық ғылыми-техникалық ақпарат ресурстары және электронды білім негіздері» атты ғылыми семинарда аталмыш салада туындап отырған өзекті мәселелерге назар аударылды. Жаңа технология бойынша білім беруді мақсат еткен арнайы іс-шараны ашып сөйлеген сөзінде университет проректоры Мұханбет Шайжанов бүгінге дейін қалыптасқан тәжірибені бөлісуді, күрделі түйіндерді бірлесіп шешуге талпыныс жасалатынын ерекше атап көрсетті.

«Тұран-Астана» университетінің ғалымдары Астана қалалық білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырған «Ғаламдық ғылыми-техникалық ақпарат ресурстары және электронды білім негіздері» атты ғылыми семинарда аталмыш салада туындап отырған өзекті мәселелерге назар аударылды. Жаңа технология бойынша білім беруді мақсат еткен арнайы іс-шараны ашып сөйлеген сөзінде университет проректоры Мұханбет Шайжанов бүгінге дейін қалыптасқан тәжірибені бөлісуді, күрделі түйіндерді бірлесіп шешуге талпыныс жасалатынын ерекше атап көрсетті.

Қала мектептері ұстаздары Надежда Романова, Гүлжан Дәу­летбекова өз білім ошақта­рын­дағы электронды оқыту тәжірибелерін ортаға салса, университет ға­лым­дары Сергей Инютин, Мұха­медрахим Құрсабаев, Қанат Са­мар­ханов, Асқар Бақытжан, Вла­дислав Яковлев жасаған баян­да­­маларда ғылыми-техникалық ақпараттардың электронды бі­лім беру ісіндегі теориялық тұжы­рымдамалары сөз етілді.

Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Мұхамедрахим Құрса­баевтың жасаған баяндамасы ғылыми семинарға қатысушыларды ерекше қызықтырды. Қазақ педагогикасында баланы дүниеге келгенде емес, ана жатырында қалыптаса бастаған күннен бастап тәрбиелеу жөнінде ғасырлық тәжірибе барын мәлімдеген ғалым бүгінгі сәби өз анасының бойында 9 ай бойы өсу барысында түрлі дыбыстар мен шуларға, коммуникациялық құралдар тербелістеріне айрықша тітіркеніп, жауап беретіндігіне тоқталды.

Күнделікті өмірде жаңа туған нәрестенің еңбектей бастаған кезінен оның теледидар «пультін» басуға немесе ұялы телефонды қолына алып, оңды-солды басуға деген сенсорлық-моторикалық ұмтылысының байқалатыны бел­гілі. Ғалым уақыт өте келе, кез келген бала­ның ұялы телефонды басып, қала­ған музыкалық әуенін естуге, фото­бейнелерді көруге, виртуалды ойындарды ойнауға ұмтылатынын еске салады. 2014 жылы әлемдік нарық көшбасшыларына айналған «IPhone», «Samsung Galaxy», «Nokia» сияқты электронды компаниялардың 32 GB тартулары – сөзсіз жас ұрпақ санасы мен интеллектуалдық әрекетіне ықпал ететіндігін атап өтті.

Бүгінгі Қазақстан әлемдегі ең жас ұлт болғанымен, жас жеткін­шектердің сандық-ақпараттық технологияларды меңгеруге басқа елдермен салыстырғанда анағұрлым бейім екені танылуда. Бұған бір себеп, білім жүйесін ақпараттандыру мәселесі мемлекет тарапынан көп жылдардан бері қолға алынғанын атап көрсеткен баяндамашы Елба­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың «барлық мектептерді жаппай компьютерлендіру» жөніндегі бас­тамасы қазірдің өзінде нәтиже көрсете бастағандығын айтты. 2003 жылдан бері республи­ка мектептері «E-Learning» бағдар­ламасымен жұмыс істеп келеді. Бүгінде 3 миллионға жуық оқу­шыны толық ақпарат­тандыру   еліміздің қарқынды дамуына негіз қалауда.

Соңғы жылдары жастардың, әсіресе, мектеп оқушыларының Интернет-клубтарға жиі баруының бір себебі, оқушы мен мұғалім арасындағы ақпараттық алшақтық көрінісі. Егер ұстаз пәнді заман талабына сай электронды ойын-сабақ ретінде оқушыға жеткізе білгенде, бала Интернет-клубқа бармас еді деген ойлар да ортаға салынды. Ал, электронды оқулықтар – виртуалды ойын форматтарына сай емес, тіпті, бәсекеге қабілетсіз деп таныған баяндамашы Интернет-клубқа балаларды жиі баруға итермелейтін негізгі қозғаушы күш жарнама екендігін тұжырымдады.

Жарнама психологиялық жағы­нан ересек адамдарға, әсіресе, жасөспірімдердің санасына зор ықпал етеді. Оның негізгі нысаны «сән» немесе қазіргі тілмен айтқанда «Brend» болып табылады. Оқушылардың ересек адамдармен қатар әлемдік электронды нарық көшбасшыларына айналған «IPhone», «Samsung Galaxy», «Nokia» ұялы телефондары мен планшеттерін меңгеру мен үйренуге деген ынта-жігерлерінің аса басым екендігі қаперге алынуға тиіс. Тіпті, мұғалімдерге қарағанда оқушылардың ІТ-құралдарды пайдалану мүмкіндіктерінің ана­ғұр­лым алда екендігіне де ғылыми-семинар ерекше назар аударды.

Әлия АЯПБЕКОВА,

Тұран-Астана университеті

«Туризм және сервис»

кафедрасының меңгерушісі.