Қостанай облысында екі жастағы бала тереңдігі сегіз метр болатын су құдығына құлады. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға 10 тамыз күні Қостанай облысының Садчиковка ауылында сағат 17.25-те болған. Құтқарушылар сағат 17.54-те келген кезде бала есін біліп жатқан.
«Құтқарушылар мән-жайды бағалағаннан кейін, балаға зиян келтірмей, құдыққа параллель шұңқыр қазуды бастады. Ол 3,5 метр тереңдікте болды. Құтқарушылар баланы құдықтан сағат 19.20-да шығарып, медициналық көмек көрсету тобына тапсырды», деді Талғат Уәли.
Оқиға орнында жедел құтқару жасағының 9 қызметкері мен 2 техника жұмыс істеді. Ауыл тұрғындары да көмекке келді.
Төтенше жағдайлар министрлігі балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмауға шақырады.