Нью-Йоркте коронавирустың жаңа «Йота» штамы анықталды. Ол 45 жастан асқан адамдар арасында жиі таралып, өлімі 82% құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Орал федералды округінің денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық алдын-алу жөніндегі штаттан тыс бас маманы Сергей Токарев мәлімдеді.
Жаңа штамм басқа мутацияларға қарағанда 25%-дық көрсеткішпен жылдам таралатынын атап өтті. Сонымен қатар «Йота» - бұл патогендік штамм, яғни ол иммундық процесстерден құтыла алады.
Иммунолог Николай Крючков атап өткендей, дәрігерлер жаңа штамм туралы толық ақпаратты білмейді, яғни, оның дамуын тек бақылау ғана қалады.
«Белгілі бір нәрсені оның үлесі тез өсе бастаған кезде ғана айтуға болады. Егер ол өссе, онда штаммдардың басқа сызықтарымен бәсекелесуге мүмкіндік беретін эволюциялық артықшылықтар бар деген сөз», деп түсіндірді Крючков.