Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министрдің айтуынша, әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы балалар контингенті болжаммен 385 мыңды құрайды. Оларға жалпы білім беру қорынан киім-кешек, кеңсе заттарын сатып алуға көмек көрсетілуі тиіс. Ол үшін жергілікті бюджеттен арнайы қаржы бөлінді.
«Бірақ, Атырау облысында әлеуметтік тұрғыдан осал отбасылардан шыққан балаларға материалдық көмек көрсетуге бөлінген қаржы көлемі азайды және біркелкі бөлінбеген. Қазір осы жұмыспен айналысып жатырмыз», деді Асхат Аймағамбетов.
Министрдің дерегінше, 31 мыңнан астам бала автобуспен тасымалдауды қажет етеді. Мектептерде тасымалдауды ұйымдастыру үшін 1 мыңнан астам автобус бар. Автобус паркі 454 бірлікке жаңартылған. Мектептерді автобустармен қамтамасыз ету бойынша арнаулы жол картасы бекітілді. Лизинг арқылы 515 жаңа автобус сатып алу жоспарланған.