11 тамыздан бастап елордада жыл сайынғы жалпыға бірдей міндетті орта білім беру бағдарламасы басталады. Оның аясында белгілі бір санаттағы оқушыларға мектеп киімін, аяқ киімін және оқу керек-жарақтарын сатып алуға материалдық көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Көрсетілетін көмек мөлшері 40 мың теңгені құрайды. Өткен жылы аталған бағдарлама аясында 13 245 оқушы оқу жабдықтарымен қамтылды. Биыл 15 мыңға жуық оқушыны жаңа оқу жылына даярлау жоспарлануда.
Жалпы оқыту шеңберінде көмек келесі санаттағы оқушыларға көрсетіледі:
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға; Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға; Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балаларға; Төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға; Білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге.Биылғы жылдың жаңалығы - көмек «Атамекен» ӨКП ұсынған BMC Sales цифрлық платформасы арқылы көрсетілетін болады, онда жеке нөмірі көрсетілген арнайы карталар пайдаланылатын болады.
Әлеуметтік бірліктердің қозғалысын жеке кабинеттерде алушылар, әлеуметтік педагогтар, кәсіпкерлер және бағдарлама әкімшілері қадағалайды, бұл қаражаттың ашықтығы мен мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
«Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, қатысушылар-компаниялар мен сауда нүктелерінің саны артты. Егер өткен жылы бағдарламаға 16 компания және 27 нүкте қатысса, биыл 18 компания және 30 сауда нүктесі қатысуға ниет білдірді.
Қазіргі уақытта мектептер балалардың дерекқорын автоматтандырылған жүйеге толтыру бойынша жұмыс жүргізуде, ақпарат мәртебенің жаңартылуына және расталуына қарай енгізіледі.
Жалпыға міндетті оқыту шеңберінде көмек алуға өтініш беру үшін ата-аналар бала оқитын мектепке жүгінуі қажет.
Өтінішті мектептің алқалы органы 15 күнтізбелік күн ішінде қарайды.
Бағдарлама 11 тамызда басталып, 31 қазанда аяқталады.
Сонымен қатар, елорда оқушыларына «Мектепке жол» дәстүрлі акциясы аясында да көмек көрсетілетін болады. 2021 жылдың басынан бастап 3 648 оқушы көмек алды, барлығы 7 мыңға жуық баланы қамту жоспарлануда. Сонымен қатар, аудандық әкімдіктер 2 100 балаға керек-жарақтары бар мектеп рюкзактарын табыстайды.
Акция аясында көмек алу үшін «Менің Атамекенім» порталының «Мектепке жол» бетіне өтінім беру қажет.