Елордалық полиция баспасөз қызметі мәліметінше, төбелестің видеосы әлеуметтік желілерде таралған. Жаппай тәртіпсіздік құрылыс алаңындағы жұмысшылар арасында туындаған, деп жазады Egemen.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Оқиға 6 тамызкүндіз Қалдыаяқов көшесіндегі құрылыс алаңында болғаны анықталды. Әуелі құрылысшылар арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан», деді Нұр-Сұлтан ПД өкілі.
Құқық қорғау органдары мәліметінше, оқиғаның барлық қатысушысы анықталып, тергеу үшін полиция бөліміне жеткізілген. Оқиға болған сәтте 102 нөмірі бойынша шақырту түспеген.
Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.