Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының лауазымды тұлғаларын әшкереледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram каналында мәлімдеді.
Олар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 80 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара беруге әрекет жасады деген күдікке ілінді.
Аталған тұлғалар ұсталып, Шымкент қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.