• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Тамыз, 2021

Литва вирус жұқтырғандарды ақылы түрде емдеуді ұсынды

158 рет
көрсетілді

Литвада билігі вакцинаға қарсы топқа жаңа шектеу енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Германия 11 қазаннан бастап коронавирусты анықтауға арналған тегін тестілерден бас тартты. Билік халықты вакцинацияға шақыру үшін осындай қадамға барды. Шектеу вакцина алуға қарсы медициналық көрсеткіші бар адамдарға қолданылмайды.

Соңғы апталарда елдегі вакцина алушылар саны азайған. Ал елдегі вакцинация деңгейі ең төмен Тюрингия қаласында екпе салдырғандарға қақталған шұжық таратылады.

Ұлыбританияда вакцинаға сенбейтіндер қатары аз. Халқының 75%-ы екпенің екі дозасын да алған. Билік оны қалыпты өмірге оралу жолындағы үлкен қадам деп бағалады.

Өз кезегінде, Литвада билігі вакцинаға қарсы топқа жаңа шектеу енгізуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, қыркүйек айының ортасынан бастап вакцина алмағандар вирус жұқтырған жағдайда тегін емделу құқығынан айырылуы мүмкін.