• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 11 Тамыз, 2021

Павлодарда бірнеше мектеп директоры қызметтен кетуі мүмкін

322 рет
көрсетілді

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті басшысының міндетін атқарушы Ардақ Балғожин айтты, деп жазады Egemen.kz.

Ведомство ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық қызметіне мониторинг жүргізді. Мақсат - мемлекеттік қызметші, мектеп директоры, сондай-ақ бухгалтер және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға қатысатын адамдардың әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылу тарихын зерттеу. Нәтижесінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрын қылмыстық құқық бұзушылық жасаған 14 адамды анықтады. Оның сегізі - директор, үшеуі - мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырумен айналысатын қызметкер және үшеуі - есепші. Осының ішінде алтауы бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша айыпталған.

«Мысалы, Аққулы ауданының Б.Уахатов атындағы орта мектебінің» КММ директоры Дүйсенов бұрын Қазақ ССР ҚК 93-бабы бойынша сотталған (жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қасақана ауыр дене жарақаты). Ал Еңбек кодексінің 26-бабында кәмелетке толмағандарға білім беру, тәрбиелеу мекемелеріне соттылығы бар немесе болған, қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылғандары жұмысқа алуға рұқсат бермейді», деді Ардақ Балғожин.

Ведомство өкілінің айтуынша, аталған оқиғалар 1990-2000 жылдары болған, бірақ ол туралы мәлімет енді, орынбасарлықтан директор лауазымына ауысу кезінде, белгілі болды, деп жазады Pavlodaenews.kz.