Алматыда қыздарды пышақпен қорқытып, зорлық әрекеттерін көрсеткен ер адам сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Алматы қалалық ПД басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов Іnstagram-да жазды.
Алматыда «Баум» тоғайында қыздарды торуылдап, пышақпен қорқытып зорлап жүрген ер адамға сот үкімі жарияланды.
«1991 жылы туған Айдарханов ҚК-нің 2-бабы 4-бөлімі «Жыныстық сипаттағы зорлау әрекеттері» бойынша сотталды», деп жазды Рустам Әбдірахманов.
Қылмыскер тоғайда қыз-келіншектерді торуылдап, оларды пышақтаймын деп қорқытып, зорлаған.
Тергеу барысында күдіктінің тағы төрт қылмысқа қатысы бары анықталды. Тергеу жұмыстарымен Түрксіб аудандық полиция басқармасының тергеушілері айналысты.