Филиппинде Рихтер шкаласы бойынша 7,1 балдық қуатымен жер сілкінді, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
АҚШ Геология стансасы ұсынан мәліметке сәйкес, жерасты дүмпулерінің ошағы Пундагитан ауданында орналасқан.
Жер сілкінісі жағалаудағы Мати қаласынан 80 шақырым жерде тіркелді. Оның тереңдігі - 65,6 шақырым.
Сондай-ақ елде цунами қаупі жарияланды.