• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Коронавирус 12 Тамыз, 2021

Маска таққанда нені ескеру керек?

416 рет
көрсетілді

Алматыдағы №8 емхананың бас дәрігері Фарида Ағыбаева маска режимін сақтаудың неліктен маңызды екенін түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.

«Бір реттік медициналық масканың көлемі 3 микроннан асатын аэрозольдердің 95%-ын ұстап қалатын туралы расталған ақпарат бар. Демек, тек 5%-ы ғана маскадан өте алады», деді Фарида Ағыбаева.

Дәрігердің айтуынша, бір реттік масканы 2-3 сағаттан артық қолдануға болмайды.

«Сонымен қатар төрт қабатты матадан немесе тығыз жасанды кенептен жасалған, бірнеше рет қолдануға арналған маска да тиімді. Қайта қолдануға болатын масканы қолданғаннан кейін ыстық суда ұнтақ пен дезинфекция қосып, жуады. Кепкен соң бусыз үтіктеу қажет», дейді дәрігер.

Ф. Ағыбаева масканы, ең алдымен, науқастар тағуы керек екенін айтты.

«Бұл оның аузы-мұрнынан бөлінген физиологиялық сұйықтықтың маскада қалуы үшін қажет. Ал дені сау адамдар ауру жұқтырып алмау үшін тағады», дейді ол.