Құтқарушылар жыл басынан бері 340-тан аса жабылып қалған пәтерлердің есігін ашқан, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ТЖ департаментіне сілтеме жасап.
«Біздің тәжірибемізде балалар, қарттар және ұмытшақ пәтер иелері жабылып қалған есіктің арғы жағында қалып қойған жағдайлар жеткілікті. Кейбірінің есігі жабылып қалса, ал кейбірі тіпті келеңсіз жағдайларға тап болып жатады. Көбінесе құтқарушылардың көмегіне жалғызбасты қарттар, жалғыз қалған кішкентай балалар мұқтаж болады. Өмірге қауіп дегеніміз - бұл пәтердің ішінде есікті өз бетінше аша алмайтын адамдардың (кішкентай бала, қарт адам, мүгедек және т.б.) болуы. Сондай-ақ қосулы қалған электр жабдықтары, газ қондырғылары, жылыту құралдары өрт шығуына себеп болуы ықтимал», деп атап өтті ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары Болат Нұрдыбаев.