Сауда министрлігінің алқа мәжілісінде «Тауарлардың ұлттық каталогы» жобасын әзірлеу барысы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ведомство вице-министрі Әсел Жанасованың айтуынша, Тауарлардың ұлттық каталогының жобасын әзірлеу «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп жүргізіліп жатыр.
Жобаның мақсаты – нарыққа қатысушылар үшін тауардың цифрлық паспортын ұсыну.
«Бүгінде 2021 жылғы 1 қазаннан бастап әлеуметтік маңыздағы азық-түлік тауарларын кодтау бойынша пилоттық жобаны өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар бекітілді, сондай-ақ интерфейс макеті әзірленді», деп түсіндірді Әсел Жанасова.
Вице-министр өз баяндамасында каталогта медиа контент, салмақ-көлем және басқа да тұтыну сипаттамалары бар тауарлардың цифрлық көшірмелері қамтылатынын, ал 2021 жылдың соңына дейін каталогта 30 000 тауар түрі қолжетімді болатынын хабарлады.