Атырауда қабаған иттің талауына түскен 38 адам дәрігердің көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері 38 адамның ит таланғаны анықталған.
«Атырау қаласында жыл басынан бері 38 адамды ит қапқан дерегі тіркелді. Қабаған иттің талауына түскен адамдар ауруханаға қаралып, дәрігерлердің медициналық көмегіне жүгінген. Сондай-ақ, итін тұмылдырықсыз алып жүргені үшін 150-ге тұрғын ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 408-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.