• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Тамыз, 2021

Өзбекстан «Спутник V» вакцинасын шығара бастайды

169 рет
көрсетілді

Jurabek Laboratories компаниясы Ресейдің Ұлттық эпидемиология және микробиология зерттеу орталығының сапа тексеруінен өтті. Зертхана келесі аптадан бастап «Спутник V» вакцинасын шығара бастайды, деп жазады Egemen.kz.

Компания директоры Фаррух Лутфуллаевтың айтуынша, компания Ресейден вакцинаның сапасы туралы оң жауап алған. Жақын күндері  шикізат әкелініп, келесі аптада өндіріс басталады.

Айта кетейік, биыл мамыр айында Ташкент пен Мәскеу «Спутник V» вакцинасын Өзбекстанда шығаруға келіскен. 

Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі жазды.