• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Тамыз, 2021

Судан билігі бұрынғы Президентін халықаралық сотқа тапсырады

305 рет
көрсетілді

Судан билігі бұрынғы Президент Омар Әл-Баширді Халықаралық қылмыстық сотқа беруге келісті, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

Елдің Сыртқы істер министрі Мариам Әл-Махди Министрлер Кабинеті Гаагаға іздеуде жүрген адамдарды экстрадициялау туралы шешім қабылдағанын айтты. ХҚС Әл-Баширді геноцид, соғыс қылмыстары және Дарфурдағы қарулы қақтығыс кезінде адамзатқа қарсы қылмыстар жасады деп айыптайды.

БҰҰ-ның бағалауы бойынша, Дарфурда 2003-2006 жылдар аралығында 300 мыңға жуық адам қайтыс болды, тағы екі жарым миллион адам зорлық-зомбылықтан қашып, туған жерлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Тергеу мәліметтері бойынша, әл-Башир көтерілісті басу үшін араб атқыштарының отрядтарын Дарфурға жіберген, олар жаппай кісі өлтірген, үйлерін өртеп, тонаумен айналысқан.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі 2005 жылы Халықаралық қылмыстық сотқа Дарфурдағы қылмыстарды тергеуді тапсырды. 2008 жылы Гаагадағы сот әл-Баширді әскери қылмыс жасады деген айыппен қамауға алуға санкция берді, бірақ әлі күнге дейін оны жауапқа тарта алмады.

Омар әл-Башир қазіргі уақытта Суданда қамауда, онда ол сыбайлас жемқорлық және демонстранттарды өлтірді деп айыпталуда.