• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Тамыз, 2021

Түркиядағы су тасқынынан 17 адам қаза тапты

431 рет
көрсетілді

Түркияның Қара теңіз жағалауындағы провинцияларда су тасқыны салдарынан 17 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Билік мәліметінше, Кастамону провинциясында су тасқынынан 15 адам, Синопта екі адам қаза болған.

Апаттар мен төтенше жағдайларды жою басқармасы (AFAD) зардап шеккен аудандардан тікұшақтар мен қайықтар арқылы 1400-ден аса адам эвакуацияланғанын және 740-қа жуық адам студенттік жатақханаларға орналастырылғанын хабарлады.   Су тасқыны салдарынан энергетикалық инфрақұрылым бұзылған, нәтижесінде 330-ға жуық ауыл электр жарығынсыз қалды. AFAD мәліметтері бойынша, бес көпір қирап, жолдардың жабылуына әкелген.

Агенттік мәліметіне сүйенсек, ел Президенті Режеп Тайып Ердоған су тасқынынан зардап шеккендерге көңіл айтты.

Нөсер салдарынан пайда болған су тасқыны Синоп, Бартын, Қарабүк және Кастамону провинцияларына әсер етті. AFAD ақпаратына сәйкес, аймақта іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.