• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 13 Тамыз, 2021

Түркістандық шенеунік пара алды деген күдікке ілінді

459 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Түркістан облысы бойынша білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Лауазымды тұлға жеке мектеп өкілінен білім беру қызметіне лицензия беру үшін 5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген.

Қылымыстық іс-әрекетін толық мойындауына байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ. Сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жалғасуда.