• RUB:
    4.99
  • USD:
    489.36
  • EUR:
    533.45
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Тамыз, 2021

Шымкент тұрғынын 2 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды

545 рет
көрсетілді

Шымкент тұрғынын алдап, 2 миллион теңгесін иемденген алаяқ анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкент қаласының Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арыз түсірген.

Жәбірленуші жазған арызында белгісіз адам Шымкент қаласы Ә. Жангелдин көшесіндегі сауда орталығының алдында 20 миллион теңге несие алып беремін деп екі миллион теңге ақшасын алып, алдап кеткенін көрсеткен.

Еңбекші АПБ КПБ жедел уәкілдерімен жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тұрғынды алдап кеткен азамат табылды.

Полиция басқармасының тәртіп сақшылары қаржылай несие алу бойынша тек арнайы мамандарға жүгінуге кеңес береді.