• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Тамыз, 2021

ШҚО-да 35 мыңнан астам медицина қызметкері үстемеақы алды

357 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында биыл коронавирусқа қарсы күреске жұмылдырылған 35 мыңнан астам медицина қызметкері үстемеақы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры ШҚО бойынша филиалының директоры Ғалымжан Әбілов Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингі барысында мәлім етті.

«Жыл басынан бері коронавирусқа қарсы күреске тартылған 35 437 медицина қызметкері үстемеақы алды. Ақ халаттыларға 5,2 млрд теңгеден астам үстемеақы төленді. Айта кету керек, 1 қазаннан бастап індетпен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеуді тоқтату туралы бұйрық жобасы талқылану барысында», деді ол.

Оның айтуынша, ерекше және зиянды еңбек жағдайларында медициналық көмек көрсететін қызметкерлерді қолдаудың жүйелі шараларына көшу мақсатында үстемақылар мөлшерін кезең-кезеңімен төмендету ұсынылған. «Тамыздан қыркүйекке дейін үстемақы белгіленген мөлшерден 50% берілсе, 1 қазаннан бастап төленбейді. Бұл ретте, реаниматолог-анестезиологтар, инфекционистер, реаниматология және анестезиология бөлімшелерінің анестезистері, эпидемиологтар, психологтар және МСАК әлеуметтік қызметкерлері, ядролық медицина орталығының мамандары мен патологонатомдарға үстемеақы төлеу жалғасады», деді филиал басшысы.