• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Тамыз, 2021

БҰҰ басшысы Талибан өкілдеріне үндеу жасады

161 рет
көрсетілді

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Талибанды Ауғанстандағы шабуылын тез арада тоқтатып, келіссөздерді бастауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Билікті әскери күшпен жаулап алу – жеңіске әкелмейтін тәсіл. Бұл ұзаққа созылатын азаматтық соғысқа әкелуі немесе Ауғанстанды толықтай жабық мемлекетке айналдыруы мүмкін», деді Гутерриш Нью-Йоркте БҰҰ штаб-пәтерінде журналситерге берген сұхбатында.

«Ауғанстандағы жағдай бақылаудан шығып барады. Соғыс әрекеттері салдарынан түрғындар жапа шегіп жатыр», деп есептейді Бас хатшы.

Осы жылдың басынан бері 400 мың ауғандық үйін тастап кетуге мәжбүр болды. Олардың 80 пайызы – әйелдер мен балалар.