• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 14 Тамыз, 2021

Нұрислам Санаев мемлекеттік сыйақысын қайырымдылыққа жұмсайды

285 рет
көрсетілді

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Нұрислам Санаев мемлекет тарапынан берілетін қомақты сыйақыны мұқтаж отбасылар мен науқас балалардың еміне жұмсамақ, деп жазады Egemen.kz. 

«Мен ес білгелі қиыншылықты, жоқшылықты көріп өстім. Сол кездегі бала арман мені биік белестерге жетеледі. Ең алғаш спортқа қадам басқанда олимпиадада топ жарып, мұқтаж жандарға көмектесу арманым болатын. Бүгін де сол арманыма қол жеткізіп отырмын. Мемлекет тарапынан маған берілетін қомақты сыйақыны мен мұқтаж отбасылар мен науқас балалардың еміне жұмсамақпын. Елімізде бақытты отбасылардың саны көп болсын!», деп жазды спортшы желіде.

Айта кетейік, елімізде Олимпиаданың қола жүлдегерлері үшін 75 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған.