Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды, деп жазады Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Америка тарапының бастамасы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен телефон арқылы сөйлесті.
Тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытудың жай-күйі мен перспективаларын, өзекті халықаралық проблемаларды, екіжақты және көпжақты форматтағы алдағы іс-шараларды талқылады.