• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Тамыз, 2021

Дауылды ескерту: 15 тамызға арналған ауа райы болжамы

367 рет
көрсетілді

Қазгидромет 15-20 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Күндіз 15 тамызда Маңғыстау облысының оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық сақталады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі бар.

15-16 тамызда Алматы қаласында қатты жаңбыр күтіледі, 14-16 тамызда найзағай ойнауы мүмкін

Күндіз 15-17 тамызда Атырау мен Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, 18-20 тамызда басым бөлігінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Күндіз 16-20 тамызда Ақтөбе облысының оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі бар.

Күндіз 18-20 тамызда Маңғыстау облысының оңтүстігінде 43 градус өте қатты ыстық күтіледі.

15-16 тамызда тәулік ішінде Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

14-16 тамызда Алматы облысында кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 25 м/с. Кей жерлерінде төтенше өрт қаупі бар. 

14-15 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

14-15 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады,  15 тамызда кей жерлерде 15-20 м/с жел күтіледі. Кей жерлерде тұман басуы мүмкін. Кей жерлерде өте жоғары өрт қауіпі бар. 

14-15 тамызда Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

14-16 тамызда Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі. 14-16 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с болады.  Төтенше өрт қаупі бар.