Мейманмен кездесуде Д.Назарбаева Сингапур Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы саяси әрі сауда-экономикалық маңызды әріптесі екенін атап өтті. «Жоғары деңгейде сенімді диалог орнықты, парламенттер, үкіметтер және іскерлер қауымдары деңгейіндегі байланыстар өрістеп келеді», – деді сенатор.
«Астана клубы» отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген Б.Каусикан Еуразияның негізгі мәселелерін талқылауға арналған халықаралық сарапшылар алаңының мазмұндық және ұйымдастыру тұрғысындағы жоғары деңгейін атап өтті. «Осындай бастамаларды жалғастыра беру керек», – деді дипломат.
Екіжақты қатынастардың дамуына ризашылығын жеткізе отырып, Б.Каусикан Д.Назарбаеваны Сингапурға сапармен келуге шақырды.
Сенатор сингапурлық компаниялардың Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне келетініне сенім білдірді.