• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 15 Тамыз, 2021

Аптаның айшықты оқиғалары

281 рет
көрсетілді

2021 жылғы 9-15 тамыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары жарияланды, деп жазады Egemen.kz.

11 тамызда ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен кезекті Үкімет отырысы өтті.

Санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, 2021 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы және  оқу жылының басталуына дайындық барысы туралы мәселелер қаралды. 

Бірінші мәселе бойынша Үкімет басшысы барлық өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар халықтың шектеу шараларын, ең алдымен маска тағу режимін сақтауын қамтамасыз ету қажет екені атап өтілді.

Екінші мәселе бойынша Үкімет басшысы әкімдіктерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру шараларын күшейтуді және ерекше бақылауға алуды, Ұлттық экономика министрлігіне және мүдделі мемлекеттік органдарға биылғы тамыз айының соңына дейін инфляцияға қарсы ден қою, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұру жөніндегі шаралардың жаңа топтамасын қабылдап, іске асыра бастауды тапсырды.

Үшінші мәселе бойынша Үкімет басшысы осы жылғы 25 тамызға дейін медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдардан басқа, педагогтер мен техперсоналды вакциналаумен 100% қамтамасыз етуді, 20 тамызға дейін мектептерді санитарлық талаптарға сәйкес қабылдауды аяқтауды, 25 тамызға дейін оқулықтарды мектептерге кестеге сәйкес толығымен жеткізуді, барлық білім беру ұйымдарының оқу жылын бастауға 100% дайын болуын қамтамасыз етуді, балалардың қауіпсіздігі, тамақтандыру және мектепке жеткізу бойынша барлық мәселенің шешімін табуды тапсырды.