• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Тамыз, 2021

Алматы облысында жер сілкінісі болды

1917 рет
көрсетілді

Алматыдан 97 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 15 тамыз күні Алматы уақытымен 12 сағат 52 минутта жерасты дүмпуін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 97 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.1, магнитудасы – 4.5.

Жерасты дүмпуі 15 шақырым тереңдікте болған.

Күрті ауылында 2 балдық жер сілкінісі сезілді.