• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
18 Қаңтар, 2014

Kаспий күрестің ошағына айналғалы тұр

271 рет
көрсетілді

Каспий теңізіндегі мұнай қорының жекелеген мемлекеттерді қызықтырып отырғаны рас. Ал жақында бұқаралық ақпарат құралы өкіліне берген сұхбатында Иран Ислам республикасы Әскери теңіз күштерінің қолбасшысы Хабибулла Сайяри Каспий теңізінің 20 пайыздай аумағын өз елінің иеленуге құқығы бар екенін айтып қалды. Бұл туралы Kapital.kz хабарлады.

Тақырыпқа тұздық болған мәселенің басын ашып алу үшін мынаған тоқталып өткен жөн болар. Жалпы, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Каспий теңізі жағалауындағы басқа елдермен осы теңіз аумағының бөлінісі жөнінде сөз қозғалды. Теңіз аумағы бұрын екі мемлекеттің, яғни, Кеңес Одағы мен Иранның мемлекеттік шекарасы болса, КСРО-ның ыдырауынан соң теңіз жағалауында бірден бес мемлекеттің мүдделері түйісті.

 Теңіздегі мұнай қорының молдығы мен КСРО сияқты алпауыт мемлекеттің күйреуінен аймақтағы геосаяси жағдайдың  өзгеруі, батыс мемлекеттерінің аймақтағы саяси-экономикалық жағдайға белсенді араласа бастауы онсыз да қиын мәселені одан әрі күрделендіріп жіберді. Сонымен, 1992 жылы Каспий теңізінің жаңа құқықтық мәртебесін анықтау үшін Каспий мемлекеттері арасында келіссөздер басталды. Осы мақсатта Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны әзірлеу жөніндегі арнайы жұмыс тобы құрылған болатын.

 Жағалаудағы мемлекеттер құрған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін реттеудің негізгі тетігі – Сыртқы істер министрлері орынбасарлары деңгейіндегі арнайы жұмыс тобының тиімділігінің арқасында соңғы кезде бұл мәселе бойынша пікірталасты ушықтырмаудың және Конвенция жобасы мәтінінің көптеген баптары бойынша келісудің сәті түскен еді. Дегенмен, осы апта ішінде бұқаралық ақпарат құралында жарияланған мәліметке қарап, Каспий теңізі аумағы бөлінісі туралы пікірлер қайшылығының әлі де бар екенін аңғарамыз. Бұл ретте Әзірбайжандағы саясаттанушы Эльшан Манафовтың мәлімдегеніндей, Иран Ислам республикасы мен Ресей елі Каспий статусы түпкілікті шешілмей тұрғанда, Түрікменстан және Әзірбайжан аралығына газ құбырын тартып алуды көздеуде. Осы арқылы біраз мәселенің түйінін тарқатып алмақ. Ал Украина еліндегі саясаттанушы Алексей Вороненко Әзірбайжан мемлекеті жоғарыда айтылған жұмысты реттеу үшін АҚШ-тың пікірімен санасуы керектігін алға тартады. Олай болмаған жағдайда, шиеленіс туындауы мүмкін екен...

Каспий мұнайын тиімді игеру мәселесі күн тәртібінде тұрған тұста, Түркіменстан мен Әзірбайжан аралығына газ құбырын тарту жайына бірқатар елдердің наразылық білдіретіні жасырын емес.Сондықтан Каспий мемлекеттері алдында бірлесіп талқылайтын ауқымды міндет тұр.

Әмірхан Алмағанбетов.

Дерккөз: Kapital.kz

Фото: Kapital.kz.

Соңғы жаңалықтар