Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында 40 жолаушысы бар автобус батпаққа батып, далада қалды, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24-ке» сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Тоқтамыс ауылынан 20 шақырым жерде Қоңыр әулие үңіріне бара жатқан жолда автобус батбаққа батып қалды. Жауынның астында қалған 40 жолаушыға жедел жеткен құтқарушылар тобы автобусты сүйреп шығарып, дер кезінде көмек көрсеткен. Жолаушылар өз бағыттарымен аман-есен сапарларын жалғастырды. Зардап шеккендер жоқ.