• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Тамыз, 2021

Жемқорлық: Алматыда тағы бір шенеунік сотталды

400 рет
көрсетілді

Алматыда АШМ Өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі аймақтық инспекциясының бөлімінің экс-басшысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Медеу ауданының №2 соты  хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Оған бопсалау арқылы бірнеше рет пара алды деген айып тағылды.

Сот хабарламасына сәйкес, айыпталушы фитосанитария сертификаттары мен басқа да қажетті құжаттардың жоқтығы үшін жауапкершілікке тартылуы тиіс адамдардан ақшалай және заттай пара алған.

Экс-шенеунік алған параның жалпы сомасы 157 580 теңгені құрады.

Айыпталушы кінәсін мойындамады, дегенмен, соттың мәліметінше, қылмыс әр түрлі дәлелдемелермен расталған. Прокурор оны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сот департаменттің экс-басшысын пара алғаны үшін кінәлі деп тапты.

«Белгілі бір лауазымдарды атқару мен белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, орташа қауіпсіздігі бар түзеу мекемесінде 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», делінген хабарламада.

Сот жеңілдететін мән-жай ретінде сотталушының қылмыстық жауапкершілікке алғаш рет тартылғанын ескерді. Мемлекеттік қызметші анты мен кәсіби антты бұзуы ауырлататын мән-жай деп танылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.