• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Тамыз, 2021

Ақтөбеде аялдамада тұрған екі әйел мен баланы көлік қағып кетті

363 рет
көрсетілді

Ақтөбеде жол апаты салдарынан үш жаяу жүргінші ауруханаға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

14 тамызда Lada Granta автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі Тілеу батыр көшесі жағынан Мир даңғылы бағытында келе жатып, ауысу кезінде ілеспе бағытта келе жатқан көлік құралын өткізбей, 30 жастағы жүргізушінің басқаруымен Mitsubishi Pajero көлігімен соқтығысты.

Соқтығысудың салдарынан Mitsubishi көлігі қозғалыс бағытын өзгертіп, аялдамада тұрған екі әйел мен баланы қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 жасар жаяу жүргінші медициналық мекемеге жатқызылды.