• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 16 Тамыз, 2021

Елордалық спортшылар грэпплингтен әлем чемпионатында 8 медаль жеңіп алды

492 рет
көрсетілді

Ресейдің Уфа қаласында грэпплингтен жастар арасында әлем чемпионаты өз мəресіне жетті. Байрақты бәсекеге Әзербайжан, Армения, Беларусь, Венгрия, Испания, Италия, Қырғызстан, Литва, Ресей, Филлипин, Хорватия, Қазақстан елінен барлығы 150-ге жуық спортшы қатысты, деп жазады Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Спортшылар 16-17, 18-20 жас бойынша сынға түсті. Екі күнге созылған дүбірлі додада елорда спортшылары үш алтын, үш күміс, екі қола жүлде жеңіп алды.

Грэпплингтен Нұр-Сұлтан қаласының №7 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің жаттықтырушысы Тоқтар Зарубеков елордалық спортшылардың қарқынын жоғары бағалады.

«Бұл әлем чемпионатына біз Түркістан облысының Шардара қаласында өткен Қазақстан чемпионатындағы іріктеуден кейін маусым айынан бастап дайындалдық. Чемпионатта өзімнің жеке оқушыларым және өзге де жаттықтырушылардың шәкірттері өнер көрсетті. Менің ойымша, спортшыларымыз жоспарды 200% орындады. Нәтиже керемет. Русланали Мұхамадиев Нұ-Сұлтан қаласынан жасөспірімдер арасында алғашқы әлем чемпионы атанды. Ол кадет ретінде қосымша анықтама бойынша жасөспірімдер арасында өнер көрсетті. Сондай-ақ Алихан Хабибулла грэпплинг және грэпплинг ги бөлімдеріндегі кадеттер арасында алғашқы әлем чемпионы атанды. Бәсекелестік өте күшті болды. Негізгі қарсыластар дағыстандықтар, дәлірек айтқанда Ресей мен Филлипиндер болды», деді жаттықтырушы.