• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Тамыз, 2021

Алматыда өзгелердің атына несие рәсімдеген қос алаяқ қамалды

291 рет
көрсетілді

Алматы полицейлері өзгелердің атына несие рәсімдеген екі алаяқты қамауға алды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бірінші жағдай, Ж. есімді 26 жастағы азаматша төңірегінде болған. Ол интернет-ресурстарды пайдалана отырып, азаматтарды микрокредиттік ұйымдарының бірінде тауарлық несие алуға үгіттеген.

«Әр түрлі сылтаулармен азаматтардың жеке куәлік, банк карталары деректерін иемденіп, олардың атына әр түрлі МҚҰ онлайн-қарыздарын рәсімдеген. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті осыған ұқсас 6 іске қатысы бар болғаны дәлелдеді. Ж. есімді азаматшаның іс-әрекетінен келген жалпы шығын шамамен 1 миллион теңгені құрады», деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Алматы полицейлері ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған «Anti-Fraud» республикалық операциясын іске асыруда. Жаттығу 9 тамызда басталып, 15-ші тамыз күні аяқталды.

«Операция барысында қамалғандар қатарында Алматы облысының тумасы, 31 жастағы А. есімді азамат тұтқындалды. Ол да адамдарды алдап, олардың атына шағын несие рәсімдеген. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті осыған ұқсас тағы 8 қылмыс жасағаны үшін сотталды», деп атап өтті Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.