• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Тамыз, 2021

Иранда Ауған әйелдері «Талибанға» қарсы акция ұйымдастырды

214 рет
көрсетілді

Ирандағы Ауған әйелдері Кум қаласының көшелеріне «Талибанға» қарсы наразылық акциясына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы РИА Новости ISNA агенттігіне сілтеме жасап жазды.

«Дүйсенбі күні таңертең Фатима Масуме храмының жанындағы Гумадағы Астана алаңына ауған әйелдерінің бір тобы жиналып, «Талибанға» наразылық білдірді», делінген агенттіктің хабарламасында.

Соңғы апталарда Ауғанстандағы жағдай тым шиеленісе түсті, «Талибан» ірі қалаларға шабуыл жасады. Содырлар Кабулға кіріп, президент сарайын бақылауға алғанын мәлімдеді. Ауғанстан Президенті Ашраф Ғани «қырғынның алдын алу үшін» елден кеткенін айтты.

Дүйсенбіге қараған түні «Талибан» саяси кеңсесінің ресми өкілі Мұхаммед Наим Ауғанстандағы соғыс аяқталғанын және мемлекеттегі басқару формасы жақын арада нақтыланатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар