• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Тамыз, 2021

Аида Балаева белгілі журналист Амангелді Сейітханның отбасына көңіл айтты

655 рет
көрсетілді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Амангелді Сейітханның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сұм ажал арамыздан тағы бір әріптесімізді, белгілі журналист, спорт комментаторы Амангельді Сейтхан ағамызды мезгілсіз алып кетті.

Талайды тәнті еткен талантымен де, кәсіби шеберлігімен де, аңқылдаған ақжарқын көңілімен де көрерменді баурап, әлемнің алты бұрышынан алашына жағымды жаңалықтың жаршысы болған жампоз жан, жалынды азамат еді. Сөз жоқ, Амангельді Муатханұлы өзінің білімі мен егемендіктің алғашқы жылдарында спорт тележурналистикасында алған құнды тәжірибесін жастармен бөлісіп, ізін басқан мамандарға үйретіп кетті. Десе де, табиғатынан ақындығы мен адами асылдығы жарасқан тұлғаның өткен жолы да, халықтың жүрегінде алар орны да бөлек болып қалары анық. Ал оның есімі отандық тележурналистика тарихына ғана емес, тұтастай спорт шежіресіне алтын әріппен жазылады. Басқа түскен осынау қайғыға ортақтасып, марқұмның отбасы, туған-туыстарына көңіл айтамын», деді министр.