• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Тарих 17 Тамыз, 2021

Түркияда оқыған «қазақ жолдастар» кімдер?

628 рет
көрсетілді

Таяуда Қостанай облыстық архивін ақтарып отырып, мынадай бір қызық дерекке тап болдық. Торғай уездік большевиктер комитетінің 1922 жылғы құжаттарының ішінде Мұса Ахмедов деген кісінің арызы мен қысқаша өмірбаяны сақталып қалыпты. Арыз иесі өзін РКП(б) қатарына алу туралы өтініш білдіреді. Мұндай өтінішті бір емес, бірнеше рет жазған.

Партияға үміткер өмірбая­нын­да өзінің Түркияда білім ал­ғанын айтады. Уфа губерниясы­нанмын дегеніне қарағанда, Мұса Ахмедовтің ұлты башқұрт болуы керек. Ол өзінің «1914 жылы Петропавл қаласына келген соң, сүзек жұқтырып, ауырып қалғанын, кейін «өзімен бірге келген қазақ жолдастар  далаға алып кеткенін, содан кейін біраз уақыт Торғай уезіне тұрақтап қалғанын» жазады.

Бізге қызық көрінгені – М.Ах­медовтің қасындағы қазақ жол­дастар. Оларды Торғай өңірі­нен шыққан оқығандар деп жорамалдадық. Бұл кісілер сонда Мұсамен бірге Түркияда оқыған болып тұр ма? Олай болса, ол жақта бұлармен бірге білім алған өзге қазақ оқығандары да болуы мүмкін ғой. 

Бұл «Жалпы ХХ ғасырдың басында Түркі мемлекеті мен Қазақ даласының арасындағы оқу-білім саласындағы қатынас, саяси байланыс қандай дәрежеде болды? Түркияда білім алған қазақ оқы­ғандары қанша? Олардың тағ­дыр-талайы қалай болды екен?» деген ойға жетелейді. Ізденіп көруге тұрарлық мәселе сияқты.

Бізге беймәлім Мұса Ахмедов­тің өз қолымен жазған арызы мен қысқаша өмірбаяны:

 

Қостанай облысы