• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Тамыз, 2021

Павлодар облысында 84 жүргізуші жауапқа тартылды

145 рет
көрсетілді

Павлодар облысының полицейлері 499 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Бүгінгі таңда полицейлер 499 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын тексерді. Тексеру нәтижесінде 84 жол қозғалысы ережелерін бұзу, оның ішінде 48 көлік құралдары жүргізушілерінің сыртқы жарық құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы анықталды. 26 жүргізуші тиісті құжаттары жоқ техниканы басқарған. Сондай-ақ мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз ауыл шаруашылығы техникасын жүргізудің алты фактісі тіркелді. Полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерінің мас күйінде басқарған төрт фактісін анықтады», деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.