• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 17 Тамыз, 2021

Түркістан облысында өзімен синтетикалық есірткі алып жүрген қыз ұсталды

355 рет
көрсетілді

Түркістан облысының полицейлері демалыс орнында өзімен бірге есірткі затын алып жүрген жас қызды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысының полицейлері есірткіге қатысты қылмыстардың алдын алып, болдырмау мақсатында бірқатар рейдтік-профилактикалық іс-шараларды өткізуде. Осы тұста Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына Қазығұрт ауданында орналасқан демалыс орындарының бірінде бәйдібектік азаматшаның психотропты есірткі затын тұтынып және өзімен бірге тасымалдап жүргені туралы жедел ақпарат түскен.

Тексеру барысында оның қол сөмкесінің ішінен пакетке салынып, изолентаға оралған үш дана ақ-сары түсті психотроптық есірткіге ұқсас зат, екі ампула «Медакс» таблеткасы және жеті дана шприц тәркіленіп алынды. Қазіргі таңда күдікті азаматшаға қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сот-сараптамасы тағайындалды. Сараптама қорытындысымен алынған өсімдік бір грамға жуық синтетикалық есірткілер «эфедрон» және «мефедрон» болып шықты.