• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 17 Тамыз, 2021

Жамбыл облысында жол апатынан 12 жастағы бала қаза тапты

359 рет
көрсетілді

Жамбыл облысының Байзақ ауданы аумағындағы жергілікті маңызы бар «Сарыкемер-Үшбұлақ» көлік жолында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Фольксваген-Пассат» маркалы автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, бетон бағанаға соғылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында 12 жасар бала қаза тапты, ал 11 жастағы бала түрлі дене жарақаттарымен Байзақ ауданының орталық ауруханасына жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды.

Көлік апатынан кейін жүргізуші көлікті оқиға орнында қалдырып, белгісіз бағытқа қашып кеткен.

«Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі, 347-бабы (Ауыр зардаптар туындаған жағдайда көлік құралын басқаратын және жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзған адамның жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалуы ) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, тиісті сот сараптамалары тағайындалды», делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде жүргізуші анықталып, оны бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде.

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Полиция департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, басқа деректер тергеу мүддесінде жариялауға жатпайтындығын хабарлаған.