Атырау облысындағы 2016 әскери бөлімнің 4 әскери қызметкері сот алдында жауап берді. Бұл туралы Gazeta.kz хабарлады.
Оларға бөлімде бей-берекетсіздікке жол берген, жас сарбаздарға қорлық көрсетіп, ақшаларын тартып алып отырған деген айыптар тағылуда. Осының салдарынан өткен жылы 3 солдат әскери бөлімді тастап кетіп қалған екен. Бұл әскери борышын өтеушілер үш тәуліктен соң табылып, құзырлы орынға бөлімдегі бассыздықтар туралы айтып беріпті.
Сот шешімі әзірге шыққан жоқ. Егер, олардың кінәсі дәлелденетін болса, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жекелеген әскери бөлімдегі әлімжеттіктің бұған дейін де айтылып келгені шындық. Көп жағдайда сарбаздардың өзі әрнәрсені сылтауратып, бөлімді тастап кеткендігі артынан мәлім болып жатады. Сондықтан сот жоғарыдағы келеңсіздікті жан-жақты зерделеуде.
Әмірхан Алмағанбетов.
Дереккөз: Gazeta.kz
Фото: Life 24 kz.